Бангладеште вакцина тапшылығы қауіп төндіріп тұр

Бангладеште вакцина тапшылығы қауіп төндіріп тұр

Эпидахуалы қатты ушыққан Үндістанмен көршілес Бангладеште де коронавирус өршіп барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе, COVID-19-дың жұғу деңгейі жоғары штамдары кеңінен тарала бастаған. Бұған дейін бұл мемлекетте оңтүстікафрикалық мутация көбірек кездескен еді. Елдің денсаулық сақтау саласының сарапшылары «вакцина жетіспей жатыр» деп дабыл қағуда. Бұған себеп – Үндістаннің екпе экспортын уақытша тоқтатып қоюы. Үнді елі Бангладешке маусым айына дейін 30 миллион доза вакцина жеткізуі тиіс болатын. Бірақ ақпаннан бері 7 миллион доза ғана жеткізілген.