Бразилияда аяғы ауыр әйелдерге AstraZeneca вакцинасын салу уақытша тоқтатылды

Бразилияда аяғы ауыр әйелдерге AstraZeneca вакцинасын салу уақытша тоқтатылды

Бразилияда жүкті әйелдерге AstraZeneca препаратын егу уақытша тоқтатылды.

Биліктің бұл шешіміне осы екпені қабылдаған жүкті әйелдің өлімі себеп болды. 35 жастағы марқұм жүктіліктің 23-аптасында болған. Оның инсульттан көз жұмғаны белгілі. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Әзірге елде жүкті әйелдерге Синовак ((Sinovac)) және Пфайзер ((Pfizer)) екпесі егіліп жатыр. 

Франсиеле Франсинату, вакцинация бағдарламасының үйлестірушісі:

- Ұлттық екпе егу бағдарламасы бойынша жүкті және жаңа босанған әйелдерге AstraZeneca вакцинасын егу тоқтатылатын болды. Алайда қайғылы жағдай өте сирек кездесетінін айтқым келеді.