Израиль Газа секторында әскери операцияны бастайды

Израиль Газа секторында әскери операцияны бастайды

Таяу Шығыста қақтығыс толастар емес.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ЦАХАЛ армиясы Газа секторында әуе және құрлық операцияларын бастамақшы.

Қазір олар резервтегі 9 мың әскерін Газа шекарасына тарта бастады. Алайда Израиль құрлықтағы шабуылын бастағанын растаған жоқ.

Газа секторының билігі атыс-шабыстар нәтижесінде қаза тапқандардың саны 103 адамға жеткенін хабарлайды. Олардың 27-сі бала.

Қазір ауруханалардағы жансақтау бөлімдерінде орын тапшылығы байқала бастады. Дәрігерлер шұғыл емес операцияларды кейінге қалдырып жатыр. Израиль билігі болса, ХАМАС-ты бейбіт тұрғындар тұратын жерге шабуыл жасап жатыр деп айыптайды. Ал әлем елдері қақтығысқан қос тарапты сабырға шақырып, атыс-шабысты тоқтатуды сұрайды. Жуырда Египет билігі екі жақпен келіссөздер жүргізгенімен бұдан еш нәтиже шықпады.