Айова штатында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Айова штатында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Айова штатындағы Сибли қаласы маңында жанғыш заттар тасымалдайтын жүк пойызы көпірдің құлауы салдарынан рельстен шығып кетті.

Мәліметтер бойынша, апаттан кейін оқиға орнында өрт болған.

Апат орнына бірнеше өрт сөндіру бригадасы, сондай-ақ қауіпті химиялық заттарды жою үшін арнайы мамандар келді, эвакуация жарияланды. Зардар шеккендер туралы ақпарат әлі хабарланған жоқ.