Мадрид билігі туристерді тартудың жаңа әдісін ойлап тапты

Мадрид билігі туристерді тартудың жаңа әдісін ойлап тапты

Испания астанасының билігі туристік маусым алдында шетелдік саяхатшыларды тартудың жаңа әдісін ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сай осы жылдың екінші жартысында Мадридке келіп, жазғы демалысын шаһарда өткізем деушілерге 600 еуро көлемінде ваучер берілмек. Туристер онымен қонақ үй шығынының 50 процентін, гидпен экскурсияны, спорттық шараларды, сауықтыру қызметтерін төлей алады. Билік бұл арқылы Мадридтің туристік тартымдылығын арттырып, шағын және орта кәсіпкерлерді қолдауды көздеп отыр.

Ал ресми дерекке сүйенсек, 2018 жылы Испанияның туризм саласында 3 миллионға жуық адам жұмыс істеп, одан келген кіріс 84 миллиард долларға жеткен.

Кике Сарасола, Room mate group компаниясының президенті:

− Менің ойымша, қазір саяхатшыларға өзге елдердегідей талап қойған жөн. Және олар түсінікті болуға тиіс. Әйтпесе саяхатшылар қай жерде шектеу аз болса, сол бағытты таңдайтын болады.