Джо Байден Ким Чен Ынмен кездесуге қатысты шарт қойды

Джо Байден Ким Чен Ынмен кездесуге қатысты шарт қойды
фото: rbc.ru

АҚШ президенті Джо Байден Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге қатысты шарт қойды.

Бұл туралы Ақ үй басшысы Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Инның Вашингтонға жасаған сапары кезінде мәлімдеді. Екі мемлекет басшысы арасындағы келіссөзде талқыланған басты тақырып – Пхеньянның ядролық бағдарламасына қатысты бірлесе қимыл жасау. Джо Байденнің айтуынша, Корея түбегін ядролық қарудан азат ету бойынша нақты қадамдар келісілгеннен кейін ғана ол Ким Чен Ынмен кездесуге дайын болады. Бірақ бұл – соңғы төрт әкімшіліктің қолынан келмеген өте күрделі міндет.

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Мемлекеттік хатшы мен әкімшілігіміздегі өзге тұлғалар ядролық қарусыздану туралы мәлімет алғанда ғана кездесуге дайын боламын. Бізге нақты жоспары қажет.