Бразилияда қоқыстан өнер туындыларын жасайтын жоба қолға алынды

Бразилияда қоқыстан өнер туындыларын жасайтын жоба қолға алынды

Бразилияда қоқыстан өнер туындыларын жасайтын бірегей жоба қолға алынды. Идея авторы жергілікті суретші Эдуардо Срур.

Осылайша ол қала көшелері мен өзендерін зиянды заттардан тазартуға үлес қосып жатыр. Срур Пикассо, Винсент Ван Гог, Оскар, Клод Моне әлемге әйгілі қылқалам шеберлерінің еңбектерінің көшірмесін салып, қоғам назарын аудартуға тырысқан. Бразилиялық суретші биылғы жылдың екінші жартысында Сан-Паулуда «Пластик табиғат» атты көрме өткізбек.

Эдуардо Срур, суретші:

- Қазір қайда қарасаң да пластиктің шашылып жатқанын көресің. Мен қоқыс заттарынан жасап жатқан дүниелер адамзат тарихында ұзақ сақталады деп болжаймын. Себебі бұл өте өзекті тақырып. Мона Лиза картинасы 200 жылдан бері ескірмей келеді ғой.