Испанияда қонақүй өртенді

Испанияда қонақүй өртенді

Испанияның Мадрид қаласының маңындағы төрт жұлдызды қонақ үйде өрт шықты.

Ғимараттан шыққан қою қара түтін Мадридтың жан-жағынан байқалған. 

Абырой болғанда, адам шығыны жоқ. Шаһардың төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, құтқарушылар ғимараттағы 200-ге жуық адамды дер кезінде сыртқа шығарып үлгірген. Құтқару жұмыстарына өрт сөндіру қызметі, жедел жәрдем мен полиция жұмылды. Әзірге өрттің шығуына нақты не себеп болғаны белгісіз. Мамандар тергеу ісін бастады.