АҚШ-та ең кәрі шимпанзе өлді

АҚШ-та ең кәрі шимпанзе өлді

АҚШ-та Кобби есімді ең кәрі шимпанзе 63 жыл жасап өлді. Ол Сан-Францискодағы хайуанаттар паркінде өмір сүрді.

Мамандардың айтуынша, бұл маймылдың өте сирек ұзақ жасауы. Себебі әдетте бұл жануарлардың орташа жас ұзақтығы 30 жылды құрайды. Қазір шимпанзелер жер бетінде жойылып бара жатқан хайуанаттар қатарына қосылған. Оған заңсыз аң аулау мен орман өрттері себеп.