БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Гутерришті өз қызметінде қалдыруды ұсынды  

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Гутерришті өз қызметінде қалдыруды ұсынды   

 

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі осы ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерришті тағы 5 жыл мерзімге өз қызметінде қалдыруды ұсынып отыр.

Бұл идеяны кеңес мүшелері бірауыздан қолдап шықты. Енді құжат толық мақұлдануы үшін Бас Ассамблеяға жіберіледі. Егер Гутерриш қайта сайланса оның БҰҰ-ның бас хатшысы ретіндегі екінші мерзімі 2022 жылдың қаңтарынан басталатын болады. Ал бұқаралық ақпарат көздері болса оның қайта сайланатынына еш күмән жоқ екенін жарыса жазып отыр. Мәселен аталған орынға дәмеленіп отырған басқа үміткер жоқ делінеді.