Ауғанстанда лаңкестік шабуылдан 10 адам қаза тапты

Ауғанстанда лаңкестік шабуылдан 10 адам қаза тапты

Ауғанстанның Бағлан провинциясында содырлар 10 адамды атып өлтірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрбан болғандар миналарды тауып, залалсыздандыратын «Хейлоу Траст» коммерциялық емес ұйымның қызметкерлері. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Тағы 14 адам түрлі жарақат алған. Полицияның айтуынша, шабуылды «Талибан» тобының мүшелері жасаған. Бірақ тәліптер атысқа еш қатысымыз жоқ деп жауап берген. Тергеу жүріп жатыр.

Блиц:

- Басыма оқ тиіп, құладым. Тұра алмай, тағы құлап түстім. Сосын терезеден секіруге мәжбүр болдым. Атыс жалғасып жатты.