Ресейде автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті: қаза тапқандар бар

Ресейде автобус аялдамада тұрған адамдарды қағып кетті: қаза тапқандар бар
tass.ru

Ресейдің Свердлов облысындағы Лесной ауылында қызметтік автобус мекеменің қақпасын соғылып, аялдамада тұрған 20-дан астам адамды қағып кетті. Бұл туралы Интерфакс хабарлайды.

«Салдарынан алты адам қаза тауып, тағы 10-нан астамы жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізілді», – деді РФ ІІМ өңірлік басқармасының баспасөз хатшысы Валерий Горелых.

Алдын ала болжам бойынша, автобустың тежегіші жұмыс істемей қалған. Жүргізуші таудан түсіп келе жатқан көлікті тоқтата алмай қалған. Осылайша автобус жұмыстан шыққан адамдарды қағып кеткен. Одан қалды автобустың өзінде 48 адам болған. Олар дін аман.