Шанхайда Абай оқулары өтті

Шанхайда Абай оқулары өтті

Қытайдың Шанхай кітапханасында Абай оқулары өтті.

Әдеби шара бұл қалада алғаш рет ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік мекемелердің, академиялық және білім саласының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай азаматтары қатысты. Елдің Бас консулы Рақымжан Рахимов Абай Құнанбайұлы туралы баяндама жасады. Көрермендер қытай және ресейлік әншілердің орындауында Абай әндерін тыңдады. Кеш аясында Қазақстанның Дипломатиялық өкілдігі Шанхай кітапханасына Абайдың қытай тіліне аударылған шығармалар жинағын тарту етті.

Азат Изоллаұлы, қытай тарихшысы және саясаттанушысы:

– Шығыстың меруерт қаласы атанған Шанхай қаласында бүгін қазақ рухани ата, дала өркениетінің тірегі болған, бақаны болған бай тағылым аты, Абай шығармалары жайлы, Абайдың өлеңдері, ұлы қара сөздері туралы Абай оқулары атындағы тұңғыш кезекті концерт өтті. Бұл өте сәтті өткен бір іс-шара болды.

У Айчжун, Шанхай шет тілдер университеті орталық азия тілдері факультетінің деканы:

– Абай – Қазақстанның белгілі ойшылы, сазгер. Оның өлеңдері көптеген тілдерге аударылған. Біздің факультетте де аудармалары бар. Бізде студенттер «Қазақ тілі» мамандығы бойынша білім алады. Болашақта олар да осы іс-шараға қатысады деп сенеміз.