Ресейдің жанармай құю бекетіндегі жарылыстан жарақат алғандар саны артты

Ресейдің жанармай құю бекетіндегі жарылыстан жарақат алғандар саны артты

Ресейдің Новосибирск қаласында жанармай құю бекеті атылып, кешеннің тас-талқаны шықты.

Кейінгі дерек бойынша 30-дан астам адам жарақат алған. Ауыр жарақат алған 6 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Арасында бір бала мен екі өрт сөндіруші бар. 

Атылған цистерна ондаған метр қашықтықтағы жанармайдың бағасы жазылған стелланы қиратқан.

Куәгерлердің айтуынша, 5 рет күшті жарылыстың дыбысы естілген. Өрт салдарынан отын сақталған бірнеше қойма жарылды. Қою қара түтін бірнеше шақырымнан көрінген. Өрттің шығу себебі: резервуарға отын толтырып жатқанда газ сыртқа шығып кетіп, жарылыс болған. Кейін өрт басталды. Бұған газ тасымалдаушы көлікті жерге тұйықтамауы себеп болғанға ұқсайды. Яғни техникалық қауіпсіздік талаптары сақталмаған. Нәтижесінде бір жүк көлігі мен жанармай тасушы көлік жанып кетті. Ресей тергеу комитеті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған.