Британия тұрғыны 45 метрлік жартастан құлап кетті

Британия тұрғыны 45 метрлік жартастан құлап кетті
lenta.ru

Оқиға Мэн О'Вар жағажайында болған, деп хабарлайды «Хабар 24» lenta.ru баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жартасқа көтерілгісі келген әйел абайсызда тайып кетіп, үшкір тастардың үстіне құлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі, полиция және жағалау күзеті, сондай-ақ екі құтқару бригадасы мен тікұшақ келген. Қайғылы жайтқа байланысты полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.