Мәскеу билігі: Екпені қызмет көрсету саласының мамандары міндетті түрде алуы керек

Мәскеу билігі коронавирусқа қарсы екпені қызмет көрсету саласының мамандары міндетті түрде алу керек деген шешімге келді.

Оның ішінде қоғамдық көлік, қоғамдық тамақтану орындары мен білім беру саласының қызметкерлері бар. Ереже бойынша осы санатқа жататындар вакцинаның бірінші дозасын шілденің 15-іне дейін қабылдауы керек. Осылайша, тұрғындардың 60%-ін егу жоспарланып отыр.

Естеріңізге салайық, жуырда Ресей астанасында санитарлық талаптар қайта күшейтілді. Бұған тіркелген жаңа науқас санының 20%-ке артуы себеп болды.

Екатерина, сатушы:

- Жыл бойы жұртқа екпені өз еркімен қабылдауға мүмкіндік берді. Егер індеттің таралуы тежелмесе, басқа шара қолдануға тура келеді. Ауыр халде жатқан науқастардың саны артып барады. Сондықтан немқұрайлық танытпай тиісті әрекет ету қажет.

Ал, Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында мектептер жұмысын офлайн жандандыра бастады. Екі ай бойы қашықтан оқыған 3 млн-нан астам бала партаға қайта отырды. Жергілікті биліктің айтуынша, елде аурудың екінші толқыны басталғанмен, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай оңала басталды. Екпе егу науқаны да қарқын алды. Вакцинаның бірінші компонентін ел тұрғындарының үштен бір бөлігі қабылдағын.

Сесилия Инсаурральде, мектеп директоры:

- Дертке шалдыққандар аз. Қайта вирус жұқтырғандар да тіркелген жоқ. Мұғалімдердің көбі вакцина қабылдады.