McAfee компаниясының негізін қалаушы Джон Макафи испан түрмесінде қаза тапты

McAfee компаниясының негізін қалаушы Джон Макафи испан түрмесінде қаза тапты

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, марқұм өз өзіне қол салған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін сот америкалық кәсіпкерді АҚШ-қа экстрадициялау туралы шешім қабылдаған еді. Құрама штаттарында ол салық төлеуден жалтарғаны үшін және миллиондаған  доллардан инвесторларды алдап соққан крипто-алаяқтық үшін айыпталған. 75 жастағы McAfee антивирусының негізін қалаушы Испанияда 2020 жылдың қазанынан бастап темір торда жазасын өтеген. Марқұм сот алдында өз кінәсін мойындаған жоқ.