Австралияда AstraZeneca вакцинасын қолдануға шектеу алынды

Австралияда AstraZeneca вакцинасын қолдануға шектеу алынды

Австралияда «Дельта» штамның таралу қауіпі күшейіп, AstraZeneca вакцинасын қолдану аясында жасқа байланысты шектеу алынып тасталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді бұл екпені елдегі 40 жасқа дейінгі кез-келген адам салдыра алады. Бірақ екпе алмай тұрып дәрігермен кеңесу қажет. Себебі, бұған дейін осы препаратты қолдану кезінде қанның ұюы тіркеліп, 60 жасқа дейін егуге шектеу енгізілген. Салдарынан елде екпе жетіспей халықты вакциналау баяу жүргізілген еді. Жалпы 25 милионанан астам тұрғыны бар Австралияда қазірге дейін 7 милионнан аса адам вакциналанған.