Лос-Анджелесте пиротехника тиелген жүк көлігі жарылды

Лос-Анджелесте пиротехника тиелген жүк көлігі жарылды

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында отшашулар атылып, 17 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға полицияның заңсыз жарылғыш заттарды арнайы көлік ішінде залалсыздандыру кезінде болды.

Полиция 2 тоннаға жуық отшашуды қауіпсіз жерге көшірмек болады. Бірақ олардың арасында қолдан жасалған жарылғыштар қауіп тудырып, арнайы көлікте залалсыздандыру шешіледі. Алайда шара кезінде кенеттен жарылыс болып, жақын маңдағы үйлер мен көліктер қирап бүлінген. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.