Шанхайда тұрғын үйде газ жарылып, екі адам көз жұмды

Шанхайда тұрғын үйде газ жарылып, екі адам көз жұмды

Шанхайда тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, өрттен екі адам көз жұмды.

Салдарынан тағы төрт адам жарақат алды, деп хабарлады ТАСС.

Оқиға ғимараттың үшінші қабатында болған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап үлгерді. Екі адамның мәйіті табылды. Төрт зардап шегуші ауруханаға жіберілді, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.