NASA: 2030 жылы әлемде алапат су тасқыны басталуы мүмкін

NASA: 2030 жылы әлемде алапат су тасқыны басталуы мүмкін
фото: tsn.ua

2030 жылы әлемде алапат су тасқыны басталуы мүмкін. АҚШ Ғарыш агенттігінің ғалымдары елдің теңіз жағалауларында судың толуы мен қайтуын зерттей келе, осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, ғаламдық жылыну Айдың Жерге ықпалына әсер етіп, ол теңіз суының көтерілуіне әкеледі. Салдарынан теңіз бен мұхит жағалауында орналасқан елді мекендерді су басып, ірі табиғи апат болады. «Мысалы, 2050 жылдары Багам аралдарының көбін су басуы мүмкін», - дейді зерттеушілер.