Сауд Арабиясы қолдан жаудырған жауын су тасқынына ұласты

Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясында жасанды жолмен жаудырған жаңбыр соңы су тасқынына ұласты.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, нөсер мен күшті жел өткен аптаның ортасынан бастап толастамай тұр. Синоптиктер қолайсыз ауа райы ғалымдар электр зарядтары арқылы жаңбыр жаудыру үшін аспанға дрондар жібергеннен кейін орнағанын айтады. Әйтпесе Біріккен Араб Әмірліктерінде жазда мүлде жауын түспейді. Қыс пен көктемде де жаңбыр аз жауған.