Пәкістанда автобус жүк көлігімен соқтығысты: 27 адам қаза тапты

Пәкістанда автобус жүк көлігімен соқтығысты: 27 адам қаза тапты

Пәкістанда жолаушылар автобусы мен ауыр жүк көлігі соқтығысты.

Апат салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алды, деп хабарлады ARY News.

Оқиға елдің шығысындағы Пенджаб провинциясында болған. Оқиға орнына құтқарушылар келіп үлгерген. Жарақат алғандар жақын жердегі ауруханаға жеткізілді.