АҚШ-та бір апта ішінде атыс салдарынан 400-ден астам адам қаза тапты

АҚШ-та бір апта ішінде атыс салдарынан 400-ден астам адам қаза тапты

Америка Құрама Штаттарында соңғы аптада, яғни 17-23 шілде аралығында 915 атыс оқиғасы тіркелді.

Осылайша, АҚШ-та атыс қаруымен байланысты қылмыстар әр 12 минут сайын болады.

«Бұл оқиғалар салдарынан кем дегенде 430 адам мерт болып, 1007 адам жарақаттанды», - деп хабарлады Gun Violence Archive.

2020 жылы АҚШ-та атыстан 43 мың адам қаза тапқан, ал 2021 жылы атыс салдарынан болған 25 мыңнан астам өлім жағдайы тіркеліп үлгерген.