Қос Корея байланысты қалпына келтірді

Қос Корея байланысты қалпына келтірді

Оңтүстік және Солтүстік Корея телекоммуникация байланысын қалпына келтірді.

Екі ел арасындағы бірінші телефон қоңырауы бүгін таңғы сағат 10-да жасалды. Бұл туралы ресми Сеул мәлімдеді. Байланыс екі ел басшыларының хат алмасуынан кейін қайта орнаған. Желі 2020 жылдың 9 маусымда Солтүстік Корея тарапынан үзілген еді. Ресми Пхеньян оңтүстіктегі көршісінен ұшып келген үгіт-насихат парақшаларына қарсы наразылығын осылай білдірген болатын.