Австралияда Qantas әуе компаниясының 2,5 мың қызметкері еңбекақысыз қалды

Австралияда Qantas әуе компаниясының 2,5 мың қызметкері еңбекақысыз қалды

Австралиядағы ең ірі «Кантас» әуе компаниясының 2 жарым мыңдай қызметкері 2 айға еңбекақысыз қалды. Ішкі рейстердің ұшқыштары мен бортсеріктері мәжбүрлі демалысқа жіберілген. Бұған елде коронавирустың өршуі басты себеп.

Санитарлық шектеулерге байланысты рейстер саны қысқарып жатыр. Шілде айынан бері елдегі 3 аймақ бойынша қатынайтын ұшақтардың 60 проценттен астамы карантиннің кесірінен ұшпай қалған.

Алан Джойс, QANTAS бас директоры:

- Өкінішке орай, ішкі рейстерде жұмыс істеген 2 жарым мыңға жуық қызметкерімізді еңбақысы төленбейтін демалысқа жіберуге мәжбүрміз. Бұл ковид-19 локдаундарына және шекарадағы шектеулерге орай қабылданған шара. Алдағы 2 ай бойы біздің салаға қиын болғалы тұр.