Калифорния штатында орман өрті ырық бермей барады

Калифорния штатында орман өрті ырық бермей барады

АҚШ-тың Калифорния штатында орман өрті ырық бермей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрғақ найзағай да жағдайды одан бетер ушықтыра түсті. Салдарынан өртенген жердің аумағы сағат сайын ұлғайып барады. Лаулаған жалын орманды жердегі елді мекен тұрғындарына қауіп төндіріп жатыр. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар Гринвилл ауылындаға баспаналарды өрттен аман алып қалған. Билік өкілдері 7,5 мың шаршы шақырым жерді жалмаған 97 ірі өрт ошағын өшіру үшін 20 мың өрт сөндіруші тартылғанын айтады. Апаттан адам шығыны мен жарақат алғандар жайлы ақпарат түскен жоқ.