Қырғызстанда AstraZeneca вакцинасы уақытша егілмейтін болды

Қырғызстанда AstraZeneca вакцинасы уақытша егілмейтін болды

Қырғызстанда AstraZeneca препараты уақытша егілмейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған вакцинаны қабылдаған әскерилерде жанама әсердің пайда болуы себеп. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, екпе еккен 4 адамның дене қызуы 39 градустан асып, бас ауруы пайда болған. Тағы 40-тан астам әскериде дене қызуы байқалған. Денсаулығына шағымданғандардың барлығы дәрігерлердің жіті бақылауында. Қазір олардың сырқаттануына вакцинаның қатысы бары анықталып жатыр.