Пәкістан-Ауғанстан шекарасында жүздеген адам жиналды

Пәкістан-Ауғанстан шекарасында жүздеген адам жиналды

Пәкістан мен Ауғанстан шекарасындағы кеден бекетінде үлкен кезек пайда болды.

Тәліптер Кандагардағы өткізу бекетін жауып тастаған. Талибан содырларының айтуынша, Пәкістан билігі ауғандарға виза талабын алып тастамайынша, ол ашылмайды. Соның салдарынан қарапайым халық зардап шегіп отыр. Артық ақшасы жоқ азаматтар шыжыған күннің астында отыруға мәжбүр.

Айта кетейік, Ауғанстандағы ахуал АҚШ әскері елден кете бастағанда ушықты. Түрлі мәліметтерге қарағанда, қазір тәліптер ауған жерінің 50-80 процентін өз бақылауында ұстап отыр.