Талибан Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласын басып алды

Талибан Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласын басып алды

Билік өкілдері аймақтағы әуежай мен әскери база әлі де Үкіметтің қарамағында екенін хабарлайды.

Айта кетейік, стратегиялық маңызы бар қалада 375 мың адам тұрады. Бұл Тәжікстанмен шекараласатын аймақ. Құндыз арқылы Ауғанстанның солтүстік өңірі мен Орталық Азия елдеріне жол ашылады. Қазір шаһарда үкімет әскері мен тәліптер арасындағы ұрыс жалғасуда. Анадолу ақпарат агенттігінің хабарлауынша лаңкестер бүгінде елдің әр өңіріндегі 5 шаһарды өз бақылауында ұстап отыр.