Тбилисиде жартастың бір бөлігі опырылды

Тбилисиде жартастың бір бөлігі опырылды

Тбилисінің солтүстігінде жартастың бір бөлігі опырылды.

Тағы болуы мүмкін көшкін қаупіне байланысты жақын маңдағы он қабатты үйдің тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлады Sputnik Грузия.

«Кеше түнде Тбилисидің Сабуртало ауданында жартастың бір бөлігі опырылды. Көрші аумақтағы он қабатты үйдің тұрғындары екінші рет көшкін болу қаупіне байланысты эвакуацияланды, олар қонақүйде түнеуге мәжбүр», - делінген хабарламада.

Жартас құрылыс жұмыстарына байланысты құлаған, енді ол толығымен тоқтатылды.