Ауғанстанның Кандагар қаласы тәліптердің бақылауына өтті

Ауғанстанның Кандагар қаласы тәліптердің бақылауына өтті
фото: lenta.ru

Ауғанстанда көлемі жағынан екінші орында тұрған Кандагар қаласы тәліптердің бақылауына өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы CNN телеарнасына парламент мүшесі Гул Ахмад Камин хабарлады. Қазір шенеуніктер әуежай маңындағы әскери базада жиналған. Барлығы аймақтан ұшқалы отыр. Гул Ахмад Каминның айтуынша, көптеген үкімет жасағы тәліптерге беріле салған. Қалғандары қашуға бел буды. Арасында билік өкілдері, әскерилер мен бейбіт тұрғындар бар.

Ал, Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында жиналған ауған жұрты Пәкістанның тәртіп сақшыларымен қақтығысқа түсті. Ашуға бой алдырғандар шекараны ашуды талап еткен. Наразылар қарулы күштерге тас лақтыра бастады. Полиция да қарап қалмай оларды тарату үшін көз жасаурататын газ қолданды.