Мехикодағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Мехикодағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды

Мексиканың Мехико қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиғадан бір адам қаза тауып, ондаған тұрғын жарақат алған. Құтқарушылар жарылыс болған үй мен жақын маңда орналасқан ғимараттардан адамдарды эвакуациялады. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталды. Жергілікті билік зардап шеккендерге көмек көрсетіледі деп отыр.

Мара Гутьеррес, жергілікті тұрғын:

– Қатты жарылыс болды. Терезелер сына бастағанда жер сілкінісі ме деп ойлап қалдым. Абырой болғанда, дер кезінде сыртқа шығып үлгердік. Үйіміз қирап қалды.