Израиль күштері Газадағы ХАМАС нысандарына соққы берді

Израиль күштері Газадағы ХАМАС нысандарына соққы берді

Израиль Газа секторымен шекарадағы тәртіпсіздіктерден кейін аймақтағы ХАМАС ұйымының нысандарына әуеден соққы берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жапа шеккендер туралы ақпар жоқ. Израиль әскерилерінің мәлімдеуінше, соққы қару-жарақ шығаратын орындар мен қоймаларға жасалған. Бірақ палестиналықтар шабуыл босқындар лагеріне бағытталды деп отыр.

Айта кетейік, кеше Газа секторы мен Израиль шекарасы маңында палестиналықтар шеру өткізіп, еврей жауынгерлерімен қақтығысқа түскен еді. Әскерилердің мәлімдеуінше, шерушілер шекарадан сарбаздарға жарылғыш заттар лақтырған. Салдарынан қақтығыс болып, 1 еврей жауынгер мен 41 палестиналық жараланған. Шекарадағы ахуалдың қайта шиеленісуіне байланысты Израиль Газа маңына қосымша күштерін шоғырландырып жатыр.