АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығара бастады

АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығара бастады

АҚШ Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялап жатқан әскерін шығара бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы Құрама Штаттар ауған жеріндегі әскерін тамыздың 31-іне дейін шығаруды жоспарлаған. Кеше Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби шара еш өзгеріссіз жүзеге асырылатынын, яғни америкалық жауынгерлер белгіленген мерзімде түгелдей шығарылатынын тағы атап өтті.

Айта кетейік, Талибан радикалды қозғалысы Кабулды басып алғалы АҚШ ондағы азаматтары мен тәліптерден қашқан жергілікті тұрғындарды эвакуациялау үшін 6,5 мың сарбазын орналастырған болатын. Бұдан бөлек, әуе айлағында Ұлыбритания, Түркия және Әзербайжан әскерилері бар.

* Еске сала кетсек, Талибан ұйымына Қазақстандағы Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешімімен тыйым салынған.