Паралимпиадада тағы 13 адамнан коронавирус анықталды

Паралимпиадада тағы 13 адамнан коронавирус анықталды

Токиодағы Паралимпиадада тағы 13 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы шараны ұйымдастырушы комитет мәлдімдеді.

Ресми өкілдердің айтуынша, вирусты жұқтыру дерегінің бәрі Паралимпиада ауылынан тыс жерлерде тіркелген. Дертке шалдыққандар: волонтерлер, спорттық ойындарды өткізуге қатысты қызметкерлер және мердіргерлер.

Еске салайық, Токиодағы Паралимпиада ойындары қыркүйектің 5-інде аяқталады. Ауқымды шараға 4 жарым мыңға жуық спортшы қатысып жатыр.