Боливияда автобус апатынан 21 адам ажал құшты

Боливияда автобус апатынан 21 адам ажал құшты

Боливияның орталығында автобус тереңдігі 200 метрлік құзға құлап, 21 адам ажал құшты.

Құрбандар арасында 3 бала бар. Тағы 10 жолаушы жарақат алған. Зардап шеккендер жақын маңдағы қаланың ауруханаларына жеткізілді. Әзірге қайғылы оқиғаның нақты себебі белгісіз. Белгілісі, қоғамдық көлік таулы аймақтағы бұралаң жолда апатқа ұшыраған.