Индонезияда түрмедегі өрттен 40-тан астам адам көз жұмды

Индонезияда түрмедегі өрттен 40-тан астам адам көз жұмды
EADaily

Индонезияда түрмедегі өрттен кем дегенде 40 адам қайтыс болды.

Бұл туралы әділет және адам құқықтары министрлігінің түрмедегі департаментінің баспасөз хатшысы Рик Априанттың сөзіне сілтеме жасай отырып Рейтер агенттігі хабарлайды.

Ал «Франс Пресс» агенттігінің хабарлауынша, оқиға 41 адамның өмірін қиған, тағы сегіз адам ауыр жарақат алса, 72 адам жеңіл жарақат алды.

Өрт түнде Бантен провинциясында болған.

Адамдар түрме ғимаратынан әлі де эвакуациялануда.

Өрттің шығу себебі анықталуда.