ЕО: Кабулда дипмиссия құруға жағдай жасалған жоқ

ЕО: Кабулда дипмиссия құруға жағдай жасалған жоқ

Еуроодақ Ауғанстанда дипломатиялық миссияның қай түрі және қандай үлгіде жұмыс істейтінін әлі анықтаған жоқ. Өйткені оны құруға жағдай жасалмаған. Брюссельде өткен брифингте Еуроодақтың Сыртқы саясат қызметінің өкілі осылай деді.

 Петер Стано, Еуроодақ Сыртқы саясат қызметінің өкілі: 

- Біз Еуроодақ елдерінің Кабулдағы дипломатиялық миссия өкілдерінің жұмысын үйлестіруге дайынбыз. Бірақ әзірге уақытша үкіметтің құрылуын жіті бақылап отырмыз. Мамандарымыздың қауіпсіздігін қаматамасыз ететіндей жағдай жасалуы тиіс. Ауғанстандағы ахуалға қатысты талқылаулар әлі жалғасып жатыр.