Владимир Путин өз-өзін оқшаулады

Владимир Путин өз-өзін оқшаулады
РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин өз ортасындағы қызметкерлердің бірінен коронавирус инфекциясының анықталуына байланысты өз-өзін оқшаулады.

Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл жайында Путин Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтқан.

Карантин мерзімі әзірге белгісіз.