«Талибан» тұрақты әскер құруға ниетті 

«Талибан» тұрақты әскер құруға ниетті 

«Талибан» радикалды қозғалысы Ауғанстанда тұрақты әскер құруды ойластырып жатыр. Бұл туралы тәліптердің қарулы күштері бас штабының басшысы болып тағайындалған Кари Фасихуддин мәлімдеді.

Оның айтуынша қазір бұл мәселе жан-жақты талқыланып жатыр. Радикалды қозғалыс тұрақты әскерден бөлек әскери оқу жүйесін де құруды көздеп отыр.

Айта кетейік, тәліптер Ауғанстандағы билікті басып алғанға дейін түрлі деректер оның құрамындағы қарулы жендеттер саны 75-80 мыңға жуық деп мәлімдеп келгені. Бірақ олардың нақты саны беймәлім.