Француз әскерилері Сахельде лаңкестердің басшысының көзін жойды

Француз әскерилері Сахельде лаңкестердің басшысының көзін жойды

Малидегі Франия қарулы күштері «Ирак және Левант лаңкестік» ұйымына кіретін «Үлкен Сахарадағы ислам мемлекеті» ұйымы басшысының көзін жойды. Бұл туралы осы елдің Президенті Эммануэль Макрон твиттердегі парақшасында мәлімдеді.

Және операцияны Сахельдегі лаңкестік топтарға қарсы ірі жетістіктің бірі деп атап өтті. Айта кетейік, Сахель аймағы лаңкестік пен заңсыз миграцияға байланысты Африкадағы ең өзекті аймақтың бірі саналады. Оның аумағына Мавритания, Буркина-Фасо, Мали, Нигер және Чад елдері кіреді. Ал франция әскрилері аймақта лаңкестік топтарға қарсы операцияны 2014-ші жылдан бері жүргізіп келеді.