Филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо президенттікке үміткер болады
Филиппиндік боксшы және сенатор, Мэнни Пакьяо атымен танымал Эммануэль Дапидран Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.
Мэнни Пакьяо «Филиппин демократиялық партиясы - Халық билігі» фракциясының (PDP-Laban) атынан үміткер болады.
«Сенатор Мэнни Пакьяо 2022 жылғы сайлауда президенттікке үміткер болатынын хабарлады», - делінген CNN Philippines-тің Twitter-дегі хабарламасында.
Бұған дейін «Филиппин демократиялық партиясы - Халықтың билігі» (PDP-Laban) Филиппин президенттігіне сенатор Кристофер Бонг Гоға үміткер болуды ұсынған, бірақ ол бұған мүдделі емес екенін айтқан болатын.
Сондай-ақ қыркүйекте Филиппин президенті Родриго Дутерте PDP-Laban фракцияларының бірінің отырысында 2022 жылғы сайлауда ресми түрде вице-президенттікке үміткер ретінде ұсынылғаны белгілі.