Техаста әскери ұшақ құлады

Техаста әскери ұшақ құлады

АҚШ-тың Форт-Уорт қаласында әскери оқу-жаттығуға арналған ұшақ құлап, 2 ұшқыш жарақат алды. Бірнеше үй қираған. Бірақ ұшқыштардан өзге зардап шеккендер жоқ.

Экипаж ұшақ аяқасты құлдилап, басқаруға көнбегендіктен секіріп үлгерген. Бірақ біреуінің парашюті электр желісіне ілініп, жерге жайсыз қонған. Ал ұшақ шаһар шетіндегі көлге құлады. Қазір апаттың себептері анықталып жатыр.