Жапонияда қарт кісілердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

Жапонияда жасы 65-тен асқан қарт адамдар саны 36 миллионнан асып, егде жастағы тұрғындар қарасы рекордтық көрсеткішке жетті.

Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіш. Дерекке қарағанда ер адамдар арасында қарттардың үлесі 26 процент, егде жастағы әйелдердің үлесі 32 процентке тақапты. Жұмысын жалғастырушы зейнеткерлер қарасы да 9 миллионнан асып, соңғы 17 жылда ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.