Мексикада автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)

Мексикада автобустың қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)
E-Consulta

Мексикада тежегіші істен шыққан автобус төрт автокөлікті соқты.

Салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 14-і жарақат алды. Бұл туралы E-Consulta хабарлайды.

Кей мәліметтер бойынша, жол апатынан сегіз көлікке зақым келген. Көліктердің бірінде балалы әйел болған, олар ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.