Британияда бензин тапшы

Британияда бензин тапшы
РИА Новости

Британия жанармайға жарымады.

Елде бензин тапшы. Ірі қалалардағы май құю бекеттерінің 90 проценті жабық. Соған қарамастан, билік елде жанармай бар деп алаңсыз отыр. Тек Брексит пен пандемия кесірінен жанармай жеткізетін жүк көліктер, жүргізуші жетіс-пегендіктен кешігеді дегенді айтады. Соның салдарынан тасымалдау ісінде қиындықтар туған. Бұл жағдайды тез арада реттеу үшін британ билігі шетелдік жүргізушілердің жұмыс істеуіне уақытша рұқсат берген. Енді жұмысқа әскерилерді тарту жағы да қарастырылып жатыр.