Канадада жер астында қалып қойған 35 кенші құтқарылды

Канадада жер астында қалып қойған 35 кенші құтқарылды

Канаданың Тоттэн шахтасында қамалып қалған 39 кеншінің 35-і құтқарылды.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қалған 4 адам да табылған. Апат қыркүйектің 26-сында болған еді. Ол кезде жұмысшыларды сыртқа шығаратын лифт істен шығып, 39 кенші 1200 метр тереңдікте қалып қойған.

Айта кетейік, 7 жыл бұрын ашылған бұл шахта Бразилияның «Вэйл» компаниясына тиесілі. Онда темір, никель мен алтын өндіріледі.