Қырғызстан астанасының тұрғындары жарықсыз қалды

Қырғызстан астанасының тұрғындары жарықсыз қалды

Қырғызстан астанасы Бішкекте тұрғындар түнде жарықсыз қалады. Жергілікті билік осылайша электр қуатын үнемдемекші. Энергетик мамандарының айтуынша шаһарда электр қуаты ұтымды пайдаланбайды, сол себепті осындай шара қолдануға мәжбүр.

Түнгі сағат 11-ден кейін Бішкек көшелерінде тас қараңғы. Жарық тек шаһардың басты көшесінде бар. Мамандар электр қуатын үнемдеу мақсатында түнгі уақытта жарықты өшіру керек деген шешімге келді. Ал Ұлттық энергетика холдингінің төрағасы Талайбек Байгазиевтың мәлімдеуінше жаңа ереже ұзақ созылмақ. Бұған абоненттер ысырапшылдыққа жол беріп, электр қуатын ұтымды пайдаланбауы себеп дейді. Тұрғындардың қарсылығына қарамастан билік айтқанынан қайтпай отыр. 

Аман Байчериков, Бішкек тұрғыны:

– Күнде алаңсыз жүретін көшемен енді қол шаммен жүруге тура келеді. Немесе үйімізге басты көшемен қайту керек. Бұған біраз уақыт кететін болды.

Жарық өшіру арқылы қанша үнемделетіні әлі белгісіз. Бір анығы елде электр қуатының тапшылығы бар.

Майрамгуль Утирова, Бішкек тұрғыны:

– Енді кешкі серуен мен түнде өтетін ойын-сауық кештер болмайды деген сөз. Бұл халыққа ыңғайсыздық тудырады.

Осы жылдың жазында Тоқтоғұл су электр станциясының су азайғанда Қырғыз елі электр қуатын Қазақстан мен Түркменстаннан сатып алуға мәжбүр болған. Енді елдің Ұлттық энергетикалық холдингі алдағы  қыс айларында кешкі уақытта жарық сөндірілмейді деп сендіруде. Алайда  үміттен көрі күдік басым дейді тұрғындар.

Авторы: Бакыт Чермашев