АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 700 мыңнан асты

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 700 мыңнан асты

АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 700 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы Джонс Хопкинс университеті жариялады.

Оқу орнының дерегі бойынша марқұм болғандардың көбі Лос-Анджелесте тіркелген. Бұл өңірде 26 мыңнан астам азамат бақилық болған. The New York Times басылымының хабарлауынша, соңғы уақытта ковидтен көз жұмғандардың дені – екпе салдырмағандар.

Айта кетейік, індет басталғалы АҚШ-та 43 миллион 615 мың адам вирус жұқтырды.